Бірыңғай платформаға 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы органның сайты енгізілген
Қазақстанда мемлекеттік органдар сайты техникалық ақауға байланысты істемей қалды. Gov.kz бірыңғай платформасына көшірілген мемлекеттік органдардың порталы бірнеше сағаттан бері ашылмай тұр.
Бірыңғай платформаға 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы органның сайты енгізілген
Мемлекеттің органдардың сайты біріктіріген интернет-ресурстың жұмыс істемей тұрғанын, ақау болғанын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі растады.
«Қазір ақауды жою бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - делінген компанияның жауабында.