Қазақстандағы құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын төмендетті

Автор: Azattyq Rýhy

Агенттік төрағасы Қазақстанда баспана бағасы арзандағанын мәлімдеді

Фотог: ашық дереккөзден

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанда баспана құнының төмендеуі байқалғанын айтты.

Нақтырақ, бастапқы тұрғын үй бағасы 3 пайыздан (қаңтар) 0,4 пайызға дейін (шілде), сондай-ақ қайталама тұрғын үй бағасы 5 пайыздан (қаңтар) 1,1 пайызға дейін (шілде) төмендеген.

Ведомство басшысының айтуынша, елдегі құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын төмендеткен. Мәселен, «РАМС-Қазақстан» компаниялар тобы Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешенінің шаршы метрін 90 мың теңгеге дейін (15%-ға), «BAZIS-A» компаниясы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің шаршы метрін 20 мың теңгеге дейін, «BI Group» Нұр-Сұлтан қаласындағы 51 кешенде бастапқы тұрғын үйдің құнын орта есеппен 8 пайызға, Алматы қаласында - 11%, Шымкентте - 3%, Атырауда - 4% төмендеткен.