Оған қоса, Марат Құсайынов ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, 31 тамызда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі лауазымына Мұрат Кәрібайұлы Бектанов тағайындалды.
Айта кетейік, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 15 адамның өліміне әкеп соққан Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Министр бұл туралы 27 тамызда өткен брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.
Жарылыс салдарынан 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.