Қазақстанда карантин кезінде дәрілік заттардың бағасын белгілеудің ерекше тәртібі енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Министрдің бұйрығына өзгеріс енгізілген құжат қоғам талқысына шығарылды

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына өзгеріс енгізілген құжат қоғам талқысына шығарылды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағында шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, төтенше жағдайды енгізу, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезеңінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттарға шекті бағаларды қалыптастырудың ерекше тәртібі жүзеге асырылады.

Дәрілік заттарға шекті бағаларды қалыптастырудың ерекше тәртібі (бұдан әрі -ерекше тәртіп) кезінде уәкілетті орган мемлекеттік сараптама ұйымына ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде осы қағидалардың 59-тармағында белгіленген үстеме бағалардың регрессивті шкаласына, Бірыңғай дистрибьютордың осы қағидалардың 71-тармағында белгіленген тіркелген бағадан үстеме бағасына сәйкес, ДЗ саудалық атауларына шекті бағаларды қалыптастыру үшін ХПА бойынша ДЗ тізімін жібереді.