Сыртқы істер министрлігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы мен Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Фото: mfa.gov.kz

Қазақстанның Польшадағы елшісі Марғұлан Баймұхан қызметінен босатылып, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін - сыртқы саясатты талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Әркен Өтенов бұған дейін Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болған.