Ол Цифрлық даму вице-министрі болып 2019 жылы тағайындалған
Үкімет қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды.
Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы жеке компаниядағы қауіпсіздік бөлімінің арнайы технигі болып бастаған.
1997-1999 жж. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді.
Түрлі жылдары жеке компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қазірге дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.