$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2021, 18:45
Үкімет

Алдағы аптадан бастап Халыққа қызмет орталықтарында міндетті брондау болмайды

Енді ХҚО-ларға Ashyq жүйесі арқылы кіруге болады

Алдағы аптадан бастап Халыққа қызмет орталықтарында міндетті брондау болмайды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына 23 тамыздан бастап міндетті брондаусыз бара алады. Бұл ретте Ashyq жүйесіндегі мәртебені тексеру арқылы өткізу тәртібі сақталады.

«Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс тәртібі клиенттердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табу қиын болды. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді алдын ала брондаусыз (міндетті) ала алады. Бұл ретте электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғы тәртіпте қалады. Бұл жағдайдағы клиенттің артықшылығы – операторға ұзақ кезексіз жүгіне алады. Біз келушілердің саны өсетінін түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз – маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Ә. Қожықов.

Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін Ashyq-пен өзара ықпалдастырды. Бұл клиенттің мәртебесін ХҚО-да кезек талондарын беру кезінде де тексеруге мүмкіндік береді.

Терминалда клиенттің ЖСН-ін теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.

Серіктес жаңалықтары