Асқар Мамин мұғалімдерге вакцина салуды аяқтау мерзімін атады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда вакцинаның екінші компонентін салдырғандар қатары 4,8 млн-нан асты

Фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Асқар Мамин мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажеттігін тапсырды.

«Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцина салу қарқынын күшейту керек.

«Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет», - деді Премьер-министр.