Арал ауданында 553 бас мал басы қырылған
Маңғыстау мен Қызылорда облысында (Арал ауданы - ред.) қуаңшылықтан 1700-ден астам мал қырылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Қайрат Мұтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ресми деректер бойынша, қуаңшылықтан Маңғыстау облысында 1 161 мал басы қырылды, оның ішінде 49 ірі қара, 503 қой, 543 жылқы және 66 түйе болған. Егер облыстағы жалпы мал басы санымен есептесек, онда өлім көрсеткіші 0,1 пайызын құрайды. Яғни, аса көп емес», - деді Қайрат Мұтаев.
Сикердің айтуынша, Қызылорда облысы Арал ауданының сегіз ауылдық ауданында суаттардың жетіспеуінен және құрғақшылықтан малдардың қырылу фактілері тіркелген.
«Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, 553 бас мал басы, оның ішінде ірі қара - 176 бас, жылқы - 376 бас және бір түйе. Елде мал өлімінің басқа фактілері тіркелген жоқ», - деді ол.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Қазақстанда мал азығы нормадан екі есе аз өндірілетінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, 2021 жылғы құрғақшылыққа қатысты бұған дейін болжам болды, алайда ел оған дайын болмады.