$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2021, 12:28
Үкімет

ИКАО Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді

Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары

ИКАО Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді
көрнекі фото

2-11 тамыз аралығында ұшу қауіпсіздігі бойынша жүргізілген ИКАО тексеруінің алдын ала нәтижесі бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15%-ға асып, 84%-ға жетті. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметінен хабарланды. 

ИКАО стандарттарына сәйкестіктің өсуі тексерудің келесі салалары бойынша көрсетілді:

  • Негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61%-дан 81%-ға дейін;
  • Азаматтық авиация ұйымы (ORG) 37%-дан 75%-ға дейін;
  • Аэронавигациялық қызмет көрсету (ANS) 87%-дан 95%-ға дейін;
  • Әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету (AGA) 56%-дан 90%-ға дейін;
  • Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47%-дан 53%-ға дейін.

Қазақстан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдердің ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа деңгейіне қол жеткізді (84%). Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша біз көптеген еуропалық елдерден жоғары орналастық және Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения  – 82%, Кипр - 82% сияқты еуропалық елдермен қатар тұрмыз.

Тексеру нәтижелері жақында ИКАО-ның ресми сайтында жарияланады.

Серіктес жаңалықтары