Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға қатысты ақпарат берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Премьер-министр Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.

Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Ұсынылған жобалар Қазақстанның батыс өңірін сумен, аймақтарды газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматы қаласындағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді.