$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2021, 16:21
Үкімет

Асқар Мамин Астрахан облысының делегациясын қабылдады

Шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

Асқар Мамин Астрахан облысының делегациясын қабылдады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин РФ Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастаған делегациямен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, транзиттік-көлік, туристік, мәдени-гуманитарлық салалардағы шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Өзара сауда қарқынын арттыру үшін шекара маңы саудасы орталығын құру перспективалары талқыланды. Биыл ҚР мен РФ арасындағы өзара сауда динамикасы белсенді қалпына келтірілуде.

2021 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 26,2%-ға өсіп, $8,6 млрд құрады. Қазақстанның Ресейге экспорты 40%-дан астамға ұлғайды. Бірінші кезектегі міндет – тауар айналымының көрсеткіштерін 2019 жылғы деңгейге қарағанда $20 млрд дейін жеткізу.

Шекара маңындағы сауданың Қазақстанның Ресеймен өзара саудасында үлесі зор, осыған байланысты тараптар оны одан әрі дамыту үшін шаралар белгіледі.

Астрахан облысының кеме жасау кәсіпорындарының тәжірибесін ескере отырып, А. Мамин өнеркәсіптік кооперация жобаларын дамыту перспективасымен кеме жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін атап өтті.

Шекара маңы байланыстарын дамытудағы перспективалы бағыт туризм саласындағы ынтымақтастық болып отыр. Ақтау және Астрахан қалалары арасында Каспий теңізі бойынша теңіз круизін іске қосу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл шекара маңындағы өңірлердің сауда-экономикалық әлеуетін дамытуға да ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары