Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойған
ҚР Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер толығымен Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі апталық брифинг ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
19 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойған.