Пандемияға қарамастан ел экономикасы 2,2%-ға өсті – Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Бірақ былтыр пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 пайызға төмендеді

Пандемия мен карантиндік шектеулерге қарамастан биыл алғашқы жартыжылдықта ел экономикасы 2,2 пайызға өскен. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Мемлекет басшысы министрлер кабинетіне елдің әл-ауқатын одан әрі дамытуды тапсырды.

«Басты мақсат - экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру. Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 пайызға өсті. Бұл қуантарлық жайт. Былтыр пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 пайызға төмендеді. Біз оны тезірек қалпына келтіруіміз керек», - деді Президент.

Жиында Ұлттық банк төрағасы, Премьер-министр мен оның орынбасары және өңір әкімдері баяндама жасайды.