08.07.2021, 10:43
Үкімет
Сенбі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Жиында биылғы жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады
PrimeMinister.kz
10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында жазды.
«10 шілде күні сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді», - деп жазды Б.Уәли.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды