Годунова Тоқаевқа 2020 жылдың бюджеті қалай жұмсалғанын айтып берді
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын.
Сонымен қатар, Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.