Жаңа қызметке сайланған судьялар ант берді
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары сайланды. Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Жоғарғы сот судьялары лауазымына кандидат ретінде Герман Нұрбаевты, Ербол Өмірәлиевті, Дана Тоқмырзинаны таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Палата депутаттары ашық дауыс беру арқылы аталған кандидаттарды қолдау туралы шешім шығарды. Жаңа қызметке сайланған судьялар Сенаттың жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.
Еске салайық, 7 маусымда Мемлекет басшысының жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Жоғары Сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылып, оның орнына Жоғары Сот кеңесінің төрағасы болып Денис Алексеевич Шипп тағайындалды.