Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Ресейге барды
Роман Скляр Ресей машина жасаушылар одағы съезінің пленарлық сессиясында сөз сөйледі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған Үкімет делегациясы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.
РФ вице-премьері Марат Хуснуллинмен кездесу барысында жол салу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, шекара арқылы өткізу пункттерін қайта құру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Ресейдің құрылыс нормалары мен ережелерін біріздендіру туралы мәселелерді пысықтау туралы шешім қабылдады, бұл құрылыстағы жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік, сауда-экономикалық, инвестициялық салаларда тығыз жұмыс істеу мақсатында қосымша мүмкіндіктер жасау бойынша бірлескен шараларды іске асыру, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық қағидаттарына өзара бейілділікті атап өтті.
Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық диалогтың тиімділігі мен қажеттілігі атап өтілді және өзара байланыстардың жоғары қарқынына қолдау көрсету негізінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сапар аясында Роман Скляр Ресей машина жасаушылар одағы съезінің пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Ол баяндамасында Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік кооперациясының нығаюы машина жасау саласының дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді.