Қазақ-өзбек шекарасындағы қос ауыл Түркістан облысына қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыс территориясы 795,62 гектар аумаққа ұлғайды

көрнекі фото

Үкіметінің қаулысымен шекарадағы Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылды.

Қаулыға сәйкес, жалпы алаңы 795,62 гектар Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жері Түркістан облысының шекарасына қосылып, облыс шекарасы өзгерді.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 қарашасында Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Осы жарлық аясында Шымкент қаласына мегаполис мәртебесі беріліп, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды.