Қазақстан ғалымдары коронавирусқа қарсы тағы 5 вакцина әзірлеп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Вакциналардың бірі клиникалық сынаққа дайын

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина клиникалық сынаққа дайын екенін айтты.

«QazVac вакцинасынан бөлек түрлі платформаларда тағы 5 вакцина әзірлеп жатырмыз. Олардың ішінде екінші субъбірегей вакцина да бар. Ол дайын және жануарларға клиникаға дейін зерттеуден өтті. Енді таяуда Денсаулық сақтау министрлігінен клиникалық зерттеудің бірінші сатысынан рұқсат аламыз деп күтіп отырмыз», - деді Ерғали Әбдірайымов.

Еске сала кетейік, Қазақстан азаматтарына үш түрлі вакцина қолжетімді: QazVaс, «Спутник V» және 6 мамырдан бастап Hayat-Vax. 

QazVac вакцинасын тек Қазақстан азаматтарына салу жоспарланып отыр, әзірге экспортқа шығару жағы жоспарланып отырған жоқ.

Тегтер: