Бұған дейінгі жылдары 55 млрд теңге бөлінген
2020 жылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінеді. Бағдарламаға сәйкес, аталған сома 18 жобаны қаржыландырады. Ең үлкен сома 2023 жылы пайдалануға берілетін KazSat-2R коммерциялық ғарыш станциясына бөлінеді. Бұл жобаға барлығы 30 млрд теңге қарастырылған.
Ұлттық кеңістік деректері инфрақұрылымын құру үшін 10 млрд теңгеден астам қаржы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үйлестіру орталығын құруға 9,6 млрд теңге, сандық эфирлік хабар тарату құрылысына 9,4 млрд теңге бөлінеді.