Қаржы министрі бюджет қаражатын игермеген органдарды атады

Автор: Azattyq Rýhy

Қаржы игерілмеуінің негізгі себептері айтылды

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінгі Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар-сәуірінде мемлекеттік қаржының атқарылу барысы жайында баяндады.

Министрдің айтуынша, бюджеттің барлық деңгейінде атқарылу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары. Республикалық бюджет бойынша 4,8 триллион теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 20 миллиард теңгені құрады, оның ішінде 7 миллиард теңгесі үнемделген ақша. 13 миллиард теңге игерілмеген.

Министр мемлекет ақшасын игермеген 5 ведомствоны атады: ІІМ, Қорғаныс, Цифрлық даму, Білім және ғылым, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі.

Игерілмеудің негізгі себебі: конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі және уақтылы өтпеуі; төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі, орындалған жұмыс үшін жүргізілген; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, шарттарды ұзақ келісу.

Ал, жергілікті бюджеттерге келетін болсақ, 4 млрд теңге игерілмеген. Игерілмеген соманың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Павлодар, БҚО және СҚО-да тіркеліп отыр.