$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2019, 12:22
Үкімет

«Каспий банктің» арқасында бюджетке түсетін салық екі есе көбейген

Тұрғындар салықты банк қосымшалары арқылы төлеуге үйреніп жатыр

«Каспий банктің» арқасында бюджетке түсетін салық екі есе көбейген

Қаржы министрлігі екінші деңгейлі банктермен интеграцияланған соң, қазақстандықтар салықты үйден шықпай төлеуге қазіргіден де артық мүмкіндікке ие болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Екінші деңгейлі банктерді өзіміздің ақпараттық жүйемен  интеграциялау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, «Каспий банкпен» интеграцияландық. Қазіргі таңда салық салушылардан «Каспий банк» арқылы түсетін, жалпы жеке  тұлғалардан түсетін салық көлемі биыл екі жарым есе көбейеді. Енді қазір дәл осындай интеграциялау жұмысын «Халық банкпен» жүргізіп жатырмыз. Жылдың аяғына (Халық банктің салық төлеуге болатын мобильді қосымшасы - авт) дейін іске қосылады», - деп мәлім етті Смайылов.

 Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктермен интеграциялану жұмыстарының арқасында  салық төлеу ыңғайлы бола түсетіні анық.

 «Салық төлеушілер мобильдік қосымша арқылы ешқайда бармай, электронды түрде төлей алады», - деді Әлихан Смайылов.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары