Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ерлан Ысқақов бұған дейін СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы

Ерлан Ысқақов, фото: gov.kz

Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Ерлан Ұзанұлы Ысқақов ҚР СІМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ерлан Ысқақов 1971 жылы 8 қазанда Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1993 ж.), Қазақ мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасын (1998 ж.) бітірген.

I сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Ағылшын тілін меңгерген.

Үйленген, екі баласы бар.

1994-1998 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің референті, атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы;

1998-2001 жж. - Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің екінші хатшысы, Нью-Йорктегі және Гаванадағы консул;

2002-2002 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті хатшылығының жетекшісі;

2003-2006 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің, Еуропа және Америка департаментінің, Инвестициялар комитетінің басқарма бастығы және ҚР-ның Венгриядағы елшілігінің кеңесшісі;

2007-2008 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы, төрағасының орынбасары;

2008-2014 жж. - «METRO Cash&Carry» ЖШС бас директорының орынбасары, Алматы қ.;

2014-2017 жж. - ҚР-ның Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;

2018-2019 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары;

2019-2021 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы;