Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасалды
Талаптар орындалмаса, елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің талабына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары 15 маусымға дейін елден кетуге немесе Ресей аумағында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шара қабылдауы тиіс. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі үндеу жасады.
«Заңсыз жүрген азаматтар санатына мүлдем тіркеуге тұрмаған немесе уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының (РВП) және тұрғылықты тұруға рұқсатының (ВНЖ) уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады. Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды», - делінген хабарламада.
Егер Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартса және елден өз еркімен кеткісі келмесе, құқықбұзушыларды елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін.