Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Әсет Шындалиев бұған дейін Бас прокуратурада аппарат басшысы болды

Әсет Шындалиев, фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Қазақбайұлы Шындалиев ҚР Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары болған Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ал, Әсет Шындалиев бұған дейін Бас прокуратурада аппарат басшысы қызметін атқарды.