Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Тимур Қарағойшин бұған дейін «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК бас директоры болды

Тимур Қарағойшин, фото: gov.kz

Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ол 1985 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын (инженер-құрылысшы), сондай-ақ 2004 жылы Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Орал облысы ПМК-5 учаскесінің шебері болып бастап, кейін прорабы болған. «Оралавтодор» бас маманы, директордың орынбасары, БҚО бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасының директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, SUPER-ACCORD ASTANA ЖШС бас директоры болып қызмет атқарды.

ҚТЖ ұлттық компаниясының Астанадағы филиалының жобалау және күрделі құрылыс дирекциясын, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментін, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасын басқарды.

Жаңа лауазымына тағайындалғанға дейін «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК бас директоры болып жұмыс істеді.