Семей полигоны маңындағы радиация деңгейі халыққа қауіп төндірмейді - Энергетика министрлігі
Биыл Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл
ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2021 жылы Семей сынақ полигоны жерлерінің радиоактивті ластануын тексеруді аяқтауды жоспарлап отыр. Орталық ядролық сынақтардың полигон аумағына және оған жақын жерлерге әсерін зерттеу жұмыстарын 2008 жылы бастады.
Мамандар судың, ауаның, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жағдайын зерттейді. Зерттеудің кейбір әдістерін ҚР Ұлттық ядролық орталығы әзірлеген. Бүгінде полигон аумағының 90%-ға жуығы тексерілді.
«Полигон аумағындағы және одан тыс жерлердегі ауа және су ортасын зерттеу үшін арнайы зертханаларда одан әрі талдау үшін сынама алу жүргізілетін мониторинг пункттері құрылды. Қазір 4 ауа ортасын бақылау пункті және 8 су ортасын бақылау пункті бар. Барлығы 22 мониторинг пунктін құру жоспарлануда. Жүргізілген мониторинг нәтижелері ауадағы радиоактивті элементтердің ең көп мөлшері тікелей ядролық сынақтар жүргізілетін жерден табылғанын көрсетті. Бұл ретте полигонның ластанған учаскелерінен тыс «ұзақ өмір сүретін» радиоактивті элементтер (америй, цезий немесе стронций) табылған жоқ», - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Мониторинг нәтижесінде жалпы полигонда және одан тыс жерлерде ауа және су ортасының ағымдағы радиациялық жай-күйі тұрақты және халық үшін қауіп төндірмейтінін көрсетті. Ядролық сынақтар жүргізілген сынақ алаңдарының радиоактивті ластанған учаскелері бұған жатпайды.