Мәжіліс әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасын қарайды

Автор: Azattyq Rýhy

Заң жобасы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін заңнамалық реттеу және жүйелендіру мақсатында әзірленді

фото: parlam.kz

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері туралы заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды. Аталған заң жобасы еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың тетіктерін заңнамалық реттеу және жүйелендіру мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексіне заңнамалық түзетулерді енгізетін заң жобасы I оқылымда қаралмақ.

Сонымен қатар, депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды. Олар: Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастыққа қатысты келісім және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама.