«Нұр-Сұлтан – Алматы» автожолы қашан пайдалануға беріледі?

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір «Орталық-Оңтүстік» автожолының құрылысы жүріп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте еліміздегі жолдардың жай-күйіне тоқталып, жол салу және оны жөндеу жұмыстары сапасыз атқарылып жатқанын айтты.

«Нұр-Сұлтан – Алматы» автожолын жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған. Бұл жол елордамызды 8 миллионнан астам тұрғыны бар оңтүстік өңірлермен байланыстырады. Жұмыс қарқынын күшейтіп, осы жолды 2023 жылы пайдалануға беруді тапсырамын», - деді Президент.

Президент мемлекеттің тапсырысын орындаймын деп келген кез келген мердігердің басты міндеті – сапалы жұмыс болуы керектігін атап өтті. Сондықтан, оларға қойылатын талап та қатаң болуға тиістігін баса айтты.