Арнайы экономикалық аймақта бір ғана жоба іске асқан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте өңірдегі «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының жұмысына қатысты біраз мәселеге назар аударды.
«Арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық құрылысы аяқталмаған. 2015 жылы аталған нысанды дамытуға 162 миллиард теңге бөлінген. Бірақ осыған дейін бір ғана жоба іске асқан. Полипропилен және полиэтилен өндірісі бойынша ірі жобалар әлі жүзеге аспаған. Өйткені қажетті инвестор мен өнімді сататын нарық табылмаған», – деді Тоқаев.
Президент Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына осы олқылықтарды тез реттеп, жұмысты жеделдетуді тапсырды.