Жаңа комитет жанынан республикалық мемлекеттік мекеме құрылды
Мәдениет және спорт министрлігінде екі комитет құрылды. Бұл туралы Үкімет қаулысы жарияланды.
«Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті, Мәдениет комитеті құрылсын», - делінген қаулыда.
Оған қоса, Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті жанынан «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылады.
ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес, акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне беріледі.
Мәдениет және спорт министрлігінде Туризм индустриясы комитеті, Тіл саясаты комитеті және Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бар. Демек, ведомствоға қарастыра комитеттердің қатарына бесеуге жетті.