Екі облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жарияланады - Үкімет

Автор: Azattyq Rýhy

Жауапты орынбасарлар өңірде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол берген

фотосурет: Қайрат Нұрлыбаев, Берік Нығмашев

Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жариялау жөніндегі Әлихан Смайыловтың (бірінші вице-премьер) ұсынысын қолдады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Атырау мен Жамбыл облыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттап кеткенін айтып, өңір басшыларының жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс беруді сұрады.

«Бірінші тоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсуінің ең жоғарғы деңгейі Атырау және Жамбыл облыстарында тіркелді. Осыған байланысты, осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаевқа және Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Берік Болатұлы Нығмашевқа қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсыруды сұраймын», - деді Әлихан Смайылов Үкімет басшысына.