Жыл басынан бері 422 млрд теңге бюджет қаражатына аудит жүргізілді
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алуларда анықталған бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бірінші тоқсанда 2,9 трлн теңге сомасына тең 305 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 9 111 рәсім бойынша заңбұзушылық анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері заң бұзушылықтарды жою туралы 8 547 хабарламаны орындады. Аудит бойынша 422 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 52 млрд теңге сомасына қатысты қаржылық заңбұзушылық анықталды. Сонымен қатар, тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу мен есепке алу бойынша 44 млрд теңгеге заңбұзушылық жойылды», - деді министр Үкімет отырысында.
Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 707 ұсыным берілді.