$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 18:17
Үкімет

Мемлекеттік хатшы жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Үш ведомство басшысы баяндама жасады

Мемлекеттік хатшы жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Фото: akorda.kz

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы туралы» және Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен 2020 жылғы 19 тамыздағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» Кеңестің хаттамасын іске асыру барысы туралы» мәселелер қаралды.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Білім және ғылым министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларға Transparency International ұйымының оң баға бергені атап өтілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың әлемдік Индексінде біздің еліміз 100-ден 38 балл алды, бұл соңғы жылдардағы ең үздік нәтиже саналады.

Сонымен бірге ҚР 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары және ҚР 2025 жылға дейінгі Жалпыұлттық басымдықтары бойынша 2025 жылға қарай елімізде сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексін 45 балға жеткізу көзделгендіктен, осы бағыттағы жұмыс қарқыны төмендемеуге тиіс.

Бірінші мәселе бойынша Елбасының 2014 жылғы желтоқсандағы жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын аяқтау талқыланды.

Оның аясында мемлекеттік қызмет, қоғамдық бақылау, квазимемлекеттік және жеке секторлар, сот және құқық қорғау жүйелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы іс-шаралар пысықталды.

Бұл ретте 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың екінші бесжылдық кезеңіне көшу және 2021-2023 жылдарға арналып әзірленіп жатқан жоспарды сапалы орындау қажеттігі айтылды.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 19 тамыздағы тапсырмалары бойынша жауапты мемлекеттік органдар 26 тапсырманың 17-сінің орындалуы туралы баяндады. Көптеген тапсырмалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар бастамаларға мұрындық болса, олардың кейбіреулері іске асырылды.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге нақты әсер ететін іс жүзінде қолданылатын шараларды қабылдауды көздей отырып, бақылауда тұрған тармақтарды сапалы орындауды жалғастыру ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Серіктес жаңалықтары