Министр осы аптаның басында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин апта басында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Министр қазір өзін жақсы сезінетінін айтты.
«Апта басында вакцина қабылдадым. Өзімді жақсы сезінемін. P.S. Фотоны бұлыңғыр етіп, қайта жүктедім», - деп жазды министр.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
Ол 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.