02.04.2021, 10:42
Үкімет
Қызылорда қаласын 8 жыл басқарған әкім қызметінен босатылды
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-министрі кеңсесінде бөлім меңгерушісі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz
Үкімет басшысының өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
- 1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 2005–2007 жж. - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
- 2007-2008 жж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
- 2008-2013 жж. - Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
- 2013-2021 жж. - Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)