Білім министрі Қазақстан мектептерінің 12 жылдық оқытуға қашан көшетінін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Министр орта білімді дамыту үшін 12 жылдық оқыту латын графикасын енгізіле отырып көшірілетінін айтты

Қазақстан мектептері латын әліпбиін енгізе отырып, 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен 12 жылдық білім беруге көшеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді.

«Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Ол үшін біз өте ауқымды жұмыс атқаруымыз керек», - деді министр.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады. Математика, тілдер және информатика пәндеріне басымдық беріледі. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтар әзірленеді.