Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады
ҚР Президенті Қасым-жомарт Тоқаев «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.