Шетелде тұратын этникалық қазақтардың өзекті мәселелері қаралды

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шара барысында шетелде қазақстандық телебағдарламалар тарату мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында «Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Мәжілісінің депутаты, ақын, Қазыбек Иса, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Батырхан Құрмансейіт, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Төрағасының м. а. Ғалым Шойкин, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және т.б. қатысты.

«Іс-шара барысында шетелдегі қазақтардың ұлттық тиістілігін анықтауға байланысты мәселелер қозғалды, сондай-ақ шетелдік қазақ мәдени орталықтарын қолдау және шетелде қазақстандық телебағдарламаларды тарату мәселелері талқыланды», - делінген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.

Қоғамдық комиссияның қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты құзырлы мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар берілетін болады.