Шалқар көліндегі жағдай күрделі – Экология министрі
Биыл көлдің табанын тазалау жобасы басталады
Шалқар көліндегі (Ақтөбе облысы) жағдай күрделі. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған. Бұл климаттық жағдайларға байланысты, себебі Мұғалжар тауында жауын-шашын аз болып, қыста қар аз жауған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
«Аймаққа комиссия барып, қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм-ді құрағанын анықтады. Бұл көпжылдық көрсеткіштен (орта есеппен) 20 мм-ге аз. Ал қар қоры өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтамасыз етуші», - деп жазды министр.
Экология министрінің айтуынша, биыл көлдің табанын тазалау жобасы басталады. Қажетті қаржы бөлініп жатыр. Тазалау шарасы көлдегі судың сапасын, гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.