ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Монополияға қарсы агенттік Қазақстандағы қант бағасының қымбаттауын түсіндірді

Агенттіктің хабарлауынша, Ресейдегі қант бағасы Қазақстанның ішкі нарығына әсер етті

көрнекі сурет

Жыл басынан бері (екі ай ішінде) қант бағасының өсуі 3,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 3,5%-ға төмендеуі байқалды). Қант бағасы Шымкент қаласында - 14,7%, Қарағанды - 11,1%, Ақтау - 10%, Талдықорғанда - 5,1%, Тараз - 4,6%, Орал мен Павлодар - 4%, Жезқазғанда - 3,6%-ға қымбаттады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қант бағасының күрт өсуіне бірнеше фактор әсер еткенін хабарлады. Бірінші кезекте, Қазақстанда ішкі нарықтың 60%-ын қамтамасыз ететін ресейлік және беларусьтық өндірушілердің өнімін жеткізушілердің бағасы өскен.

Екіншіден, Ақсу және Меркі қант зауыттары (Алматы және Жамбыл обл.) маусымның аяқталуына байланысты өндірісін уақытша тоқтатқан.