$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.03.2021, 13:50
Үкімет

Қазақстанда өрт салдарынан қайтыс болғандардың саны артты - ТЖМ

Төтенше жағдайлар министр ылғал қоры нормадан асқан бассейндерді атады

Қазақстанда өрт салдарынан қайтыс болғандардың саны артты - ТЖМ
көрнекі фото

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ОКҚ-да «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу» тақырыбында мәлімет берді.  

Юрий Ильин 12 ақпанда республикалық деңгейде су тасқынына дайындық бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткендігін, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілгендігін атап өтті.

Министрдің айтуынша, су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою үшін 10 мыңнан астам қызметкер және 1,8 мыңнан астам бірлік техника жұмылдырылмақ.

«Биыл еліміз бойынша әкімдіктер төтенше және шұғыл шығындарға арналған резервтерге 38,1 млрд теңге бөлді. Елді мекендерден қар шығару жалғасуда, бүгінде әкімдіктер 14,7 млн текше метр қар шығарды.

«Қазгидрометтің» алдын ала болжамы бойынша, Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің бассейнінде ылғал қоры нормадан 54%-ға, Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзенінің бассейнінде 50%-ға және Ақтөбе облысындағы Ілек өзенінің бассейнінде 39%-ға артық», - деді министр.

Юрий Ильин тұрғын үйлерде болатын өрт мәселесі төңірегінде де мәлімет берді.

«2020 жылы елімізде 13 933 өрт тіркелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға төмен. Өрт кезінде жарақат алғандардың саны 7%-ға азайды. 2020 жылы өрт сөндірушілер 8 419 адам құтқарды. Бұл ретте өртте қайтыс болған адамдардың саны 326-дан 389-ға (19%) артты.

Былтыр жылы өрт шықпай табиғи газбен улану салдарынан 22 адам, газ баллон қондырғыларының жарылысынан 11 адам қайтыс болды, газ баллон қондырғыларының 32 жарылысы тіркелді», - деді Юрий Ильин.

2021 жылдың алғашқы екі айында елімізде 1 931 өрт тіркелді. Бұл ретте 1 354 адам құтқарылды, 99 адам, оның 13 бала қайтыс болды. 104 адам, оның ішінде 12 бала жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары