Бұрынғы Мәжіліс депутаты жаңа қызметке тағайындалды

Мұрат Теміржанов - VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты

Бұрынғы Мәжіліс депутаты жаңа қызметке тағайындалды
фотосурет: Мұрат Теміржанов, Гүлжахан Бимендина

Үкімет қаулысымен Мұрат Теміржанов Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған.

2001 жылы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы болды. Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2013-2014 жж. ҚР Президент әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің ситуациялық орталығының консультантының м.а., консультанты болды.

2016-2021 жж. — VI шақырылымдағы ҚР Мәжілісі депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. Биылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Гүлжахан Бимендина басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.