$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.03.2021, 12:04
Үкімет

Төтенше жағдайлар министрлігі 332 млн теңгеге вагон-дәріхана сатып алуға дайын

Өтінім қабылдау 9 наурызда басталады

Төтенше жағдайлар министрлігі 332 млн теңгеге вагон-дәріхана сатып алуға дайын
көрнекі фото

Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа медициналық қызмет көрсетуге арналған вагон-дәріхана сатып алу үшін 332 млн теңге төлеуге дайын. Тиісті лот мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған хабарландыруға сәйкес, вагон-дәріхананың техникалық сипаттамасы қоршаған ортаның температурасы плюс 45 °С-тан минус 50 °С-қа дейін магистральдық теміржолдарда пайдаланылуы мүмкін деп жазылған.

Оның габариттік өлшемдері: шанақтың сыртқы ұзындығы - кемінде 26 100 мм, шанақтың сыртқы ені – кемінде 3021 мм. Автотіркеу біліктері бойынша вагон шанағының ұзындығы – кемінде 26 696 мм.

Вагон шанағының базасы – кемінде 19 000 мм, жолтабан ені - кемінде 1520 мм.

Вагонның конструкциялық жылдамдығы – сағатына 160 шақырымнан артық емес.

Сондай ақ дәріхана-вагон сумен, жылыту, кондиционер, жарықтандыру, сумен өрт сөндіру сияқты қолайлы жүйелермен жабдықталуға тиіс деп көрсетілген. 

Вагонның тежегіш аяғының тамбуры, дәретхана, қазандық бөлімшесі, электр қалқаны-жолсеріктің демалыс купесі, зертхана, ауыр жаралы науқастарға арналған бөлмесі, таңу, күту, автоклав, дәріхана, қойма, вагонның тежегіш емес шетінің тамбуры болуы тиіс делінген. Вагон-дәріхананың белгіленген қызмет ету мерзімі 40 жылдан кем болмауы шарт.

Серіктес жаңалықтары