Мұндай ұсыныс халық санағына қатысты арнайы комиссиясының бірінші отырысында айтылды
2021 жылы Қазақстанда халық санағы жүреді. Бүгін Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссиясының бірінші отырысында 1 мамырдан бастап Қазақстанда көше атауын өзгертуге мораторий енгізу ұсынылды.
«Сапалы санақ жүргізу үшін комиссия 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықта әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу қажеттілігін қарастырды», - делінген ақпаратта.
Бірінші вице-премьер Әлихан Смайылов Ұлттық статистика бюросына аталған мәселе бойынша Президент әкімшілігі бекітуі үшін ұсыныс әзірлеуді тапсырды.