Жас министр Мәжіліс депутатынан сөз естіді

Автор: Azattyq Rýhy

Әсет Ерғалиев 34 жасында Ұлттық экономика министрі болды

фото: Әсет Ерғалиев, Берік Дүйсенбинов

Мәжілістің жалпы отырысына ведомство басшысы ретінде алғаш рет қатысқан Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақша сұраққа орысша жауап бергені үшін депутаттан сөз естіді.

«Сіз бүгін алғаш рет (министр ретінде – ред.) Мәжіліске келіп тұрсыз. Бірақ қазақша қойылған сұрақтардың барлығына еш рұқсат сұрамастан орыс тілінде жауап беруге көштіңіз. 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз, жасыңыз да тәуелсіздікпен шамалас. Бірақ өз ана тіліңізде жауап бермегеніңіз ұят деп санаймын. Сондықтан келесі отырыста қазақ тілінде, ана тілінде қойылған сұраққа сол тілде жауап беріңіз», - деді Берік Дүйсенбинов.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық экономика министрі болып 34 жастағы Әсет Ерғалиев тағайындалды.