Дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына 17 мың теңге үстемақы қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл санаттағы мұғалімдер енді қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізеді

көрнекі фото: voxpopuli.kz

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісінде жазды.

«Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленетін болады. Осы ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отыр. Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізетін болады», - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді, сәйкесінше балалар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады.