Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қанат Сәрсембаев бұған дейін аталған ведомствода жауапты хатшы болды

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қанат Маратұлы Сәрсембаев аталған министрліктің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.

Қанат Сәрсембаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (заңгер) бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгері болып бастаған.

2000-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші маман, бас маман болып жұмыс істеді;

2002 - 2005 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің аға сарапшысының м. а., аға сарапшысы, бас сарапшысы;

2005 - 2011 жылдары— ҚР Конституциялық кеңесі аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі;

2011 - 2015 жылдары - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді;

2015 - 2017 жылдары - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарды;

2017 - 2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді;

2019 - 2021 жыл аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған;