Қазақстан халықаралық шарттардың орындалуын тоқтату құқығына ие болды
Тиісті түзетулер республика заңнамасына енгізіледі
Қазақстан Республикасы өз міндеттемелерін бұзатын шет мемлекеттерге қарсы шараларды қолдану тәртібін өз мүддесі үшін жеңілдетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.
«Заң жобасын қабылдау ратификацияланған халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының заңдарының алдында басымдығы туралы, осындай шарттарды тікелей қолдану туралы, халықаралық шарттар мәртебесіндегі өзгерістер туралы жұртшылықты хабардар ету туралы нормалардың бейінді заңға енгізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттарды тоқтату тәртібін реттеу бөлігіндегі олқылықтың жойылуын қамтамасыз етеді», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан басқа, заң жобасы Қазақстан алдында алған міндеттемелерді орындамайтын мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда елдің мүдделерін ескеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Аталған міндеттерді халықаралық шарттар туралы заңнамаға басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан алдында алған міндеттемелерді бұзған жағдайда, халықаралық шарттардың орындалуын тоқтата тұру түрінде республиканың жауап шараларын қабылдау мүмкіндігін көздейтін нормаларды енгізу арқылы шешу ұсынылады», – деп түсіндірді ол.